Баку қаласындағы «WorldFood Azerbaijan 2015» көрмесі.
«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы Баку қаласында 2015 жылдың 21 мамырынан 23 мамырыны дейін өткен «WorldFood Azerbaijan 2015» 21-ші Халықаралық көрмесіне қатысып қайтты.
«WorldFood Azerbaijan 2015» көрмесіне әлемнің 33 елінен 151 компания қатысты.
Бірнеше жылдан бері «Баян Сұлу» АҚ біздің өнімімізді тұтынушылар жақсы білетін және жоғары сұранысқа ие Әзербайжан Республикасында табысты өткізіп жүрген «VEYSELOGLU» ЖШҚ компаниясымен жұмыс істейді.
Бұл көрмеге қатысу – халықаралық тығыз қарым-қатынасқа жасаған тағы бір қадам. Көрмеге қойылған көрмелік экспонаттар мен оларды әрлеп-рәсімдеу мамандар мен бұл шараға қатысушылардың назарына ілегіп, өз деңгейінде бағаланды.
Көрмеге қатысқанымыз үшін біздің фабрикаға сертификат табыс етілді