20 – 22 мамырда «Баян Сұлу» АҚ Алматы қаласында жыл сайын өтетін «Food Week Kazakhstan 2015» көрмесіне қатысып қайтты.
20 – 22 мамырда «Баян Сұлу» АҚ Алматы қаласында жыл сайын өтетін «Food Week Kazakhstan 2015» көрмесіне қатысып қайтты. Оған әлемнің 12 елінен – Австридан, Әзербайджаннан, Бельгиядан, Индиядан, Италиядан, Қазақстаннан, Литвадан, Польшадан, Ресейден, Түркиядан, Өзбекстаннан және Франциядан 50 компания өз өнімдерін қойды.
Бұл көрме биыл 20-шы рет өтіп, осы жылдар ішінде әлемдік өнеркәсіптік тауарлар мен ауылшаруашылығындағы халықаралық басты шараға айналды. Көрмеде тамақ өнеркәсібінің: ауылшаруашылығы, қайта өңдеу жабдықтары, буып-түю материалдары, ең соңғысы тұтынуға дайын тамақ өнімдері мен сусындар орын тапты.
Бұл шара Алматы әкімдігінің, Ауылшаруашылық министрлігінің және ҚР экономикасын және бюджетін жоспарлау министрлігінің қолдауымен өтті.
Ұйымдастырушылар атынан «Баян Сұлу» АҚ дипломмен марапатталды.