Көрме ара Баку
Мамырдың 22-нен 24-і аралығында «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы Баку қаласында өткен 20-шы Мерейтойлық Халықаралық «WorldFood Azerbaijan 2014» көрмесіне қатысты. Бір шатырдың астына тамақ саласының бірден бірнеше бағыты – жабдықтар, тамақ өнімдері, сусындар мен буып-түю тоғысты. Биылғы қатысушылар саны әлемнің 36 елінен 242 компанияға жетті! Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиевтың келуі атаулы оқиға болды.
«WorldFood Azerbaijan 2014» көрмесіне «Баян Сұлу» компаниясы «Баян Сұлу», сондай-ақ арнайы Әзірбайжан үшін өндіріін «Estella» сауда белгілерінің қазақстандық өнімдерін өз деңгейінде ұсынды. Біздің соңғы әзірлемелеріміз бен қол жеткен табыстарымызға келушілер мен қатысушылар өздерінің ашық қызығушылықтарын көрсетті. «Баян Сұлу» кондитерлік өнімдерінің үлгілері, әрқашан осындай шараларда болатын әдетпен талапайға түсті. Біз дәм тарту мен іскерлік жаңа ұсыныстар қарастыру шараларын ойдағыдай ұштастыра білдік. Ал, Қостанайға, қатысқанымыз үшін алғыс білдірген сертификатпен оралдық.