«Баян Сұлу»-дың шоколадты ғажайыптары
Қостанай қаласында 12 шілде күні Дүниежүзілік шоколад күніне және «Баян Сұлу»-дың келе жатқан 40-жылдығына арналған тамаша мереке өтті.
«Сити-Центр» алаңында «Баян Сұлу»-дың туған күніне орай арнайы шығарылған «Юбиляр» шоколады жарнамаланды. Жарнама акциясы барысында кез-келген тұлға «Казахстанский» шоколадының үш заттаңбасын «Юбиляр» шоколадына алмастырып ала алды. Осы акция барысында үлкендер де, балалар да фантиктерін белсенді түрде тәттіге айырбастап жатқанын көріп, Қостанайда «Казахстанский» шоколадына бас июшілердің көп екендігін аңғару қиын емес.
Шоколад мерекесінде балалар ертегі кейіпкерлерімен қауышты. Осы жерде өлеңдер оқылып, жарыстар өтті (әсіресе, балалар сабынды көпіршіктерге мәз болып мән берді), танымдық миниатюралар ойналып, би биленіп ән айтылда. Балалардың «фэйс-арт»-ы ұмытылмас сезімдер мен жанға жайлы таңғажайып эмоциялар қалдырды. Ал, балалардың боялып алған беттері қатысушыларды қуанышқа бөледі.
Қаламызда біздің шоколадты балалар ғана емес үлкендер де жақсы көреді. Үлкендерге арналған шаттық бағдарламасын «Империал» шоу-балеті ашты. Өткізіліп жатқан шараға көптеген жеке орындаулар, би нөмірлері, конкурстар мен викториналар, сиқыршылардың өнерлері өздерінің әртүрлілігімен тамаша тарту қоса түсті. Жарыстардың барлық жеңімпаздарына «Баян Сұлу» өнімдері толған қожындар мен пакеттер, сондай-ақ «Юбиляр» шоколады сыйға тартылды.
Бұл шара қорытындысында қатысушылардың барлығы шаттыққа кенелді: Қостанай жұртшылығы жылдың тәтті мерекесінен, кондитерлік фабрикасының қызметкерлері – өздерінің еңбектерінің қажет екендігінен.
Бұл шара тұрғындардың «Баян Сұлу» өнімдерін жақсы көріп, талғаммен тұтынатындықтарын көрсетті.