10.11.2014

«Worldfood Kazahstan-2014» г. Алматы

«Worldfood Kazahstan-2014» г. Алматы «Worldfood Kazahstan-2014» г. Алматы

«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы Алматы қаласында 2014 жылдың 5-7 қараша аралығында өткен тамақ өнімдерінің, сусындардың, ингредиенттердің және жабдықтардың 17-ші Орта Азиялық халықаралық «Worldfood Kazahstan-2014» көрмесіне қатысты.
Worldfood Kazahstan көрмесі шикізаттан дайын өнімге дейінгі тамақ өнеркәсібінің барлық спектрін көрсететін кәсіби шара болып саналады. Тамақ нарығының әлемдік жаңа өнімдерімен бірге көрмеге біздің өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға ат салысып жүрген отандық кәсіпорындар қатысты.
Бұл шараның беделділігі қатысушылардың жыл сайынғы кең географиясымен айқындалады (Қазақстаннан Ресейден, Тәжікстаннан, Әзербайжаннан, Венгриядан, Польшадан, Литвадан, сондай-ақ Аргентинадан, Болгариядан, Бельгиядан, Грециядан, Германиядан, Қытайдан, Түркиядан, Франциядан және Оңтүстік Кореядан 100-ден аса компаниялар.), тамақ өнеркәсібінің соңғы қол жеткен деңгейлерінің бай спектрі саланың әрі қарай қарыштап қадам басуына әрине, оң әсер берері сөзсіз.
Бұл көрме қатысушыларға тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің даму деңгейін көрсетуге, іскерлік ақпараттар алмасуға, саланы дамытудың проблемалық мәселелерін бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.
Worldfood Kazahstan көрмелері дәстүрлі болды және жақын және алыс шетелдіктер мен республиканың жетекші кәсіпорындары, фирмалары мен компаниялары арасында бедел мен құрметке ие болды.
Көрмені өткізу кезінде келушілер мен қатысушылар жаңа өнімдермен танысып қана қоймай олардың дәмін де тату мүкіндігіне ие болды. Көрме барысында Алматы облысы аумағы мен оған жақын облыстарға өнімді сату бойынша келісімдер жүргізілді, ингредиенттер мен кондитерлік өнеркәсіпке арналған шикізаттар, буып-түюлер, коррекстер және жабдықтар өндірушілерімен кездесулер өткізілді. Жарнама және тасымал логистикасы бойынша қызмет көрсетулер ұсынылды.
«Worldfood Kazahstan-2014» көрмесіне ұсынылған экспозицияның заманауилығы мен кәсіпқойлығы бойынша  «Баян Сұлу» АҚ дипломмен және ескерткіш сыйлықпен марапатталды. Сондай-ақ көрмені ұйымдастырушылар атынан «Баян Сұлу» АҚ алғыс сертификаты тапсырылды.