«Продэкспо -2013» ХХ халықаралық көрмесі
«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы 2013 жылдың 11-15 ақпаны аралығында Мәскеу қаласында өткен «Продэкспо -2013» ХХ халықаралық көрмесіне қатысты.
Фабрика жұмысының бағасын алуда көрмеге қатысудың маңызы аса зор. Мұндай іс-шараларда «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік өнімдеріне деген үдемелі қызығушылықты өнім түрлері мен қаптамаларды жаңартумен байланыстырамыз. «Баян Сұлудың» тәттілері танымал әрі сұранысқа ие. Және кондитерлік өнімдер нарығында өзіндік орны бар. Көрмеге белсенді түрде атсалысқаны үшін ұйымдастырушылар тарапынан фабрикаға орасан зор алғыс айтылды.