27.09.2013

«World Food Moscow – 2013» азық-түлік көрмесі

Күздің ең айтулы оқиғасы World Food Moscow – 2013» азық-түлік көрмесі ұйымдастырылып, оған «Баян Сұлу» АҚ та атсалысты.

 

 
 

Бізбен бірге жылсайын өтетін көрмеге 69 мемлекеттен келген 1602 компания қатысты. 16-19 қыркүйек аралығында әлемдегі азық-түлік өндірудегі хас шеберлермен тең дәрежеде «Баян Сұлу» АҚ та өз өнімдерін паш етіп, тұтынушылардың пікірлерін тыңдауға зор мүмкіндік алды. «World Food Moscow-2013» көрмесінің соңында компаниямыз ұсынылған өнімнің кәсіпқойлығы мен өзектілігі үшін Ұйымдастыру комитетінің жоғары бағасына ие болды. Әсіресе, тұтынушылардың өнім сапасы мен дәмі туралы оң пікірі бізді қуантты.