– iPhone 12 pro ұтып алыңыз –

– #bstories бәсекелестік
– байқау шарттары –

#BStories – шығармашылыққа сүйіспеншілікпен!
Instagram-да 1000 және одан да артық көрерменің бар ма?
Олай болса, әсерлі бейнебаян түсіріп (мысалы, осы посттағыдай), iРhone 12 Рro 256 GB* ұтып ал!

 

Бейнебаян әдемі немесе күлкілі, романтикаға толы немесе жалынды болуы, анимациялануы немесе ойын түрінде жасалуы, кәсіби камераға немесе телефонға түсірілуі мүмкін — ең бастысы — қазақстандық «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасының қызықты және әсерлі жарнамасы түсірілуі тиіс!

МАҢЫЗДЫ! Кадрда Bayan Sulu» брендінің бір немесе одан да артық өнімі анық көрініп тұруы тиіс.

Ендеше:

– Бейнебаянды Инстаграм аккаунтыңның парақшасына және сториске #BStories хештегімен (оны байқау аяқталғанша өшірме) салып, барлық жердегі бейнеде @bayansuluofficial белгіле.

– Осы посттың астында шығармашылықты жақсы көретін үш досыңды белгіле.

– Байқау @bayansuluofficial аккаунтының көрермендері арасында ғана өткізіледі

– Бейнебаянның сценарийінде қылмыс, жанжал, келеңсіздік және саясат сияқты тақырыптарға жол берілмейді: біз мейірімге толы, қызықты, шығармашыл бейнені қалаймыз!

– Бейнебаянның мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзбауы тиіс.

– Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары, сол сияқты ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар қатысады.

– Бейненің ұзақтығы: 15–59 сек.
– Байқаудың мерзімі:04.2021–31.05.2021

 

Байқаудың барлық ережелері – bayansulu.kz сайтында немесе директте сұрау арқылы!
Баян Сұлу және Қозы Көрпеш күнімен! Ғашықтар күні құтты болсын!

*Бұл ұсыныс жария оферта емес.

*Байқау ұйымдастырушылары мен қатысушыларының басқа да құқықтары мен міндеттері:

– Байқауға қатысушы ҚР азаматы болуы немесе оның ҚР тұруға ықтиярхаты болуы тиіс.

– Байқауға қатысушы 18 жастан асқан болуы тиіс.

– Байқауға қатысушы Инстаграм желісінде @bayansuluofficial аккаунтына жазылуы тиіс.

– Байқауға қатысушы шексіз көп бейнеролик түсіріп, оларды Инстаграм желісінде жариялай алады. Сондай-ақ, қатысушы өз шығармашылығын Тик-Ток желісінде де жариялай алады.

– Инстаграм желісінде немесе өзге әлеуметтік желіде немесе Интернетте #bstories хештегі белгіленген кез келген бейнені жариялай отырып, байқауға ниет білдірген кез келген тұлға қатысу үшін байқаудың барлық ережелері орындалғанын, жарияланған бейнеге барлық меншік құқықтары «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы атынан әрекет ететін Президенті – Басқарма Президенті Садықов Тимур Мейірханұлына біржола берілетіндігін растайды.

– Байдауды ұйымдастырушылар байқаудың шарттары мен мерзімдерін өзгертуге құқылы.

– Байғауға қатысушы байқауды ұйымдастырушылардан бейнені қандай да бір себепсіз өз аккаунтынан және кез келген басқа әлеуметтік желілерден немесе Интернеттен жою туралы талапты алған жағдайда, оны бір тәулік ішінде жою үшін бар күш-жігерін салуы тиіс.

– Байқауға толықтай ерікті түрде қатысуға болады. Байқауға қатыса отырып, байқауға қатысушылар байқауды ұйымдастырушыларға қандай да бір кінәрат-талап қоюдан автоматты түрде бас тартады.

– Жүлде (ерікті түстегі жаңа iРhone 12 Рro 256 gb) байқаудың жеңімпазына байқауды ұйымдастырушылардың шарттары негізінде 90 күнтізбелік күн ішінде беріледі.

– Ұйымдастырушылар мәлімделген жүлдені өз қалауы бойынша кез келген тең бағалы тауарға ауыстыруға құқылы.

– Байқаудың жеңімпазы жүлдені алғаннан кейін 10 (он) күн ішінде, алғашқыда бейне жүктелген Инстаграм желісіндегі аккаунты парақшасына өз жүлдесін алғаны туралы растауды салуы тиіс.

Біздің қатал қазылар алқасы кондитерлер, операторлар, жарнама берушілер үздіктердің ішінен ең жақсысын таңдайды.

Тек содан кейін жеңімпаз белгілі LIZAONAIR қызметінде кездейсоқ түрде анықталады.